Тұңғыш Президент күні туралы кураторлық сағаттар

ПДС -18-01 (кураторы Б.А. Сиренова) және ИЯК-17-02 (кураторы К.Е. Үмбетова) топтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған кураторлық сағаттар өткізілді. Топ студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың демократиялық мемлекет құрудағы рөлі туралы материалдар даярлады. Студенттер Елбасының әкелік қамқорлықпен жастарды «елдің болашағы» деген ерекше ықыласын атап өтті.