Тұңғыш Президент күні

«Қаржы» мамандығының Фк-4-18 оқу тобында ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақ халқының Тұңғыш Президенті» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Осы тақырып бойынша студенттер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы баяндамалар дайындады.

Мерекеге байланысты Еуразия гуманитарлық институтының кітапхана залында ұйымдастырылған көрмеге Фк-14-02 және Фк-4-18 топтарының студенттері қатысып, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге бөленіп шықты.