Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы сенімі – ел сенімі» ашық кураторлық сағаты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мереке қарсаңында 20 қарашада БО-19-01, МД-19-01 және МДт-19-01 топтарының қатысуымен кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатты Елбасымыздың өмірі, дара жолы туралы баяндамамен Ибраева Айназик, Гульмамедова Аяулым бастады. Гарип Гулим «Елбасы» атты әсем әнді тарту етіп, Рыстанбек Ақбота «Кеңес» күйін орындады. Кураторлық сағат Елбасының құрметіне түсірілген «Жаңғыру жолы» деректі фильмін тамашалаумен аяқталды.