Тұңғыш Президент күніне арналған кураторлық сағат

2021 жылдың 30 қарашасында шетел тілдері кафедрасының кураторы, п.ғ.м, доцент С.Е. Давлетова және ПДК-18-02 академиялық тобының студенттері Тұңғыш Президент күніне арналған кураторлық сағат өткізді. Студенттер «Тәуелсіздіктің жеті қыры» деректі фильмдер топтамасынан «Болашаққа бастар жол» деректі фильмін тамашалады. Фильмдердің негізіне 2019 жылғы маусымда өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық конференциясында тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көтерген 7 сын-тегеурін болды. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, талқыланған мәселелер бойынша өз көзқарастарын білдірді.