Тұңғыш Президент күніне арналған онлайн кураторлық сағаты

2020 жылдың 17 қарашасында ИЯК-18-02, ИЯК-18-03, ИЯК-18-04 топтарында 1 желтоқсан – «Тұңғыш Президент» күніне арналған онлайн кураторлық сағат өткізілді.

Шараға кураторлар  Ф. Хасилан, Ж. Салық, А.К. Ильясова мен үш топтың студенттері қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді ИЯК-18-03 тобының кураторы Ильясова А.К. алды. Кураторлық сағаттың мақсаты студент жастарды отансүйгіштікке баулу, өз елінің тарихымен таныстыруды жалғастыру, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесу болды.

Студенттердің назарына «Тәуелсіздік дәуірі» атты деректі бейнефильм ұсынылды. Кураторлық сағатты мерекелік құттықтау сөзімен ИЯК-18-03 тобының студенті Ерден Ерасыл жалғастырып, қазақ күйлерінен попурри орындады.