Тәжірибе алмасу

2020 жылдың 23-24 қарашасында ЕАГИ шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, доцент, п.ғ.к. Л.В. Волкова «New technologies in foreign language teaching» тақырыбында сабақтар циклін өткізді. Тәжірибе алмасу мақсатында бұл онлайн-сабақтарға шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. М.С. Кардыбаева қатысты. Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ-дің студент-магистранты –Бейсенбина Нұрай шетел тілдері кафедрасында тағылымдамадан өтіп жүрген магистратураның басқа студенттерінің қатарында «Kazakhstani Educational system Priorities for Kazakhstani Educational system» тақырыбы бойынша презентация дайындап, оқытушыға ассистент болды. Сабақтар мазмұнды және интерактивті болды. Жас буын өкілдері ағылшын тілінің тәжірибелі оқытушысының, өз ісін шын сүйетін және өз тәжірибесі мен білімін жас ұрпаққа беруге тырысатын кәсіпқойдың вебинарында болып, баға жетпес тәжірибе алды.