ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША БЕКІТУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2021 жылдың 8 қаңтарында педагогика кафедрасында «Педагогика және психология», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Тарих», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының күндізгі, күндізгі-қысқартылған, күндізгі-қашықтықтан оқыту нысанының 2, 3 курс студенттерінің оқу-тәрбие және психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша бекіту онлайн-конференциясы өтті.

Конференцияға ЕАГИ практика, жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдарлау жұмысы секторының меңгерушісі А.Т. Оспанова және педагогика кафедрасының практика жетекшілері қатысты.