Тәжірибе – табыс кепілі
2018 жылдың 13 ақпанында академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс жөніндегі үйлестіруші, Еуразия гуманитарлық институтының түлектері қауымдастығының мүшесі А.Т.Сандыбаева және тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н.Оспанова академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысқан студенттердің және бірінші, екінші курс студенттерінің арасында кездесу ұйымдастырды. Шетелдік және қазақстандық ЖОО-дарынан білім алып келген студенттердің бастамасы – тәжірибе алмасу болды. Сөз сөйлеушілер әсерлі слайдтар дайындады және бір семестрге оқуға барып келген ЖОО-дағы өздерінің оқулары туралы әңгімеледі. Қатысушылар Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті, Новосибир мемлекеттік педагогикалық университеті, Максим Танк атындағы Белорус мемлекеттік педагогикалық университеті және Карабюк университеті, сонымен бірге отандық ЖОО-дары туралы білуге қызығушылық танытты. Қыздар тек оқу үдерісі туралы ғана емес, сонымен бірге қаланың және елдің ауа райы, тамағы, қаржылық шығыны, көрікті жерлері туралы әңгімелеп, академиялық ұтқырлық бойынша бағдарламаның қатысушыларына пайдалы кеңестер берді. Құжаттарды жинау, рұқсатнаманы рәсімдеу және тілдік деңгейге қатысты көп сұрақтар қойылды. Осындай кездесулер дәстүрлі болуы керек, өйткені тәжірибе – табыстың кепілі