Талапкерді шартты түрде оқуға қабылдау
50 балды жинай алмаған түлектер үшін жоғары оқу орнына «Шартты түрде қабылдау» жүргізіледі.
Шартты түрде оқуға қабылдау тәртібі:
- Талапкер ҰБТ немесе кешенді тестілеудің қорытындысын жақсарту және түсу балын жинау үшін қайта кешенді тестілеуге өтініш жазады. Қайта кешенді тестілеуге құжат 25 25 шлде мен 3тамызаралығында тапсырылады. Қайта кешенді тестілеу 15–19 тамызаралығында өтеді.
Түсуші келесі құжаттарды тапсырады:
- арнайы бланктегі өтініш;
- аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсiптiк (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi) оқу орнын бiтiргенi туралы диплом қосымшасымен (түпнұсқа);
- кешенді тестілеу өткізу үшін төленген түбіртегі;
- 3×4 көлеміндегі 8 фотосурет;
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама (флюорографиялық сурет);
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса).
- Егер талапкер қайта кешенді тестілеуден 50 балл жинай алмаса да, ол шартты түрде жоғары оқу орнына түсе алады. Жоғары оқу орнымен келісімшарт бір академиялық оқу мерзіміне жасалады (қыркүйек-желтоқсан).
Бұл ретте талапкер 20-24 қаңтар аралығында қосымша кешенді тестілеу тапсырады.
Шартты түрде қабылданған студент жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қосымша кешенді тестілеуге қатысу үшін арнайы бланктегі өтініш толтырып және кешенді тестілеу өткізу үшін төленген түбіртегін тапсыру қажет.
Еуразия гуманитарлық институтында қосымша кешенді тестілеуге арналған ақылы дайындық курстары жүргізіледі.
Қосымша ақпарат алуға болатын мекенжай: Астана қ-сы, М. Жұмабаев даңғ., 4,
тел.: 8 (7172) 56 22 00.
e-mail: eagi.admission@mail.ru