Талапкерлерге тамаша жаңалық!
А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына «Қазақстан халқына» қорынан 2025-2026 оқу жылына арналған 6 білім беру гранты бөлінді!
Білім беру гранттары келесі әлеуметтік осал санаттағы талапкерлерге арналған:
- ауылдық, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлер;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
- мүгедектігі бар адамдар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққандар;
- 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары;
- 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған балалар.
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы – 29 жасқа дейін (қоса алғанда).
Құжат қабылдау мерзімі: 1-17 тамыз.