«Тарих» білім беру бағдарламасы студенттерінің практикасы
Оқу үдерісінің кестесіне сәйкес «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері 2025 жылғы 13-31 қаңтар аралығында С.Мауленов атындағы №37 орта мектепте психологиялық-педагогикалық практикадан өтті. Практика жетекшісі: аға оқытушы А.З. Еслямова. Мектепке бару барысында студенттер оқытудың түрлі әдістемелерімен танысып, болашақ кәсіби қызмет үшін қажетті тәжірибе жинақтады.