«Тарих» мамандығының 4 курс студенті Сағындықова Жұлдыз Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында

Биылғы археологиялық маусымда Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «Тоқсанбай – Үстірттегі қола дәуірінің қала алды қонысы» гранттық жобасы аясында Каспийдің солтүстік-шығысында орналасқан Тоқсанбай қонысында зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Еуразия гуманитарлық институтының «Тарих» мамандығының 4 курс студенті Сағындықова Жұлдыз аталмыш жоба шеңберінде зертханашы қызметіне алынып, аға ғылыми қызметкер Т.Н. Лошакова басшылық еткен Тоқсанбай археологиялық жасағының құрамында еңбек етті.