«Тарих» мамандығының 4 курс студенттері мектептерде мемлекеттік өндірістік практикадан өтті

«Тарих» мамандығының 4 курс студенттері Астана қаласының Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте және еліміздің басқа да өңірлеріндегі мектептерде мемлекеттік өндірістік практикадан өтті. Практика барысында студенттер жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әр түрлі тарихи тақырыптарға ашық сабақтар өткізді.