«Тарих сабақтары» қалалық олимпиадасы

2023 жылдың 5 мамырында Т-22-01 академиялық тобының (1 курс, «Тарих» білім беру бағдарламасы) студенттері г.ғ.м., аға оқытушы А.З. Еслямованың жетекшілігімен С. Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті ұйымдастырған тарих апталығы аясында «Тарих сабақтары» қалалық олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша ЖОО студенттері: 1 орын – Кайролла Томирис, 2 орын – Тилеккабылкызы Нурай, Курбан Нуралы, 3 орын – Канаткызы Индира, Тлеужан Бейбит және Ауганбай Жандаулет жүлделі орындарға ие болды.