Ермахан Бекмахановтың 110 жылдығына арналған ғылыми семинар

2024 жылдың 20 ақпанында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығын мерекелеу аясында көрнекті тарихшы Ермахан Бекмахановтың 110 жылдығына арналған кросс-университеттік ғылыми семинар өтті. Семинар т.ғ.к., профессор Е.А. Искалиевтің төрағалығымен өтті.

Іс-шараның шақырылған спикерлері: тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мақсат Алпысбес, тарих ғылымдарының кандидаты, Астана халықаралық университетінің профессоры Канат Ускенбаев, тарих ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Дамир Ерниязов, сондай-ақ аталған жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері болды. ЕАГИ кітапханасының қызметкерлері Е. Бекмахановтың тарихи тұжырымдамасына қатысты зерттеулер көрмесін ұйымдастырды.

Ғылыми кездесу Ермахан Бекмахановтың тарих ғылымына қосқан үлесіне арналды. Семинарға қатысушылар оның зерттеулерін талқылады, құнды білім мен идеялармен алмасты.