«Таза Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат

2025 жылғы 25 қыркүйекте ШТ-23-02 тобында «Таза Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны п.ғ.м., аға оқытушы Г. К. Темірғалиева мен топ белсенділері Кабылдина Айфара мен Абдикерим Ақпейіл ұйымдастырды.

Кураторлық сағат барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған экологиялық акцияның негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда: аумақтарды тазалау, көгалдандыру, қалдықтарды сұрыптау, су айдындарын қорғау және биоәртүрлілікті сақтау мәселелері талқыланды.

Іс-шара жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.