«Таза сессия»

Еуразия гуманитарлық институтында академиялық адалдықты, парасаттылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты түрлі бағыттар бойынша іске асырылады. Атап айтқанда, институтта «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі штаб жұмыс істейді.

Көктемгі емтихан сессиясы кезінде Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті, Студенттік Парламент және «Саналы ұрпақ» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы ЕАГИ академиялық топтарының студенттері арасында «Таза сессия» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тиімді және пәрменді алдын алуға бағытталған шараларды нығайту, сондай-ақ ЖОО-да кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамау, айыптау атмосферасын құру.