«Таза сессия»
Еуразия гуманитарлық институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар, оқу-білім беру үдерісіне қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы менталитетін қалыптастырудағы түрлі тәсілдер, нысандар мен әдістер, сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша құқықтық білімді оң қабылдау, сондай-ақ құқықтық мәдениеттің пәрменді және заманауи үлгілерін, заңды және әлеуметтік пайдалы мінез-құлықты насихаттау бағытында белсенді азаматтық ұстаным әзірленді, көрсетілді және табысты іске асырылды.
ЖОО-ның академиялық адалдықты, парасаттылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты түрлі бағыттар бойынша іске асырылады. Атап айтқанда, институтта «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі штаб жұмыс істейді.
2022-2023 оқу жылының қысқы сессиясы кезеңінде Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті, Студенттік Парламент, құқық және құқық тәртібі фракциясы және «Саналы ұрпақ» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы ЕАГИ академиялық топтарының студенттері арасында «Таза сессия» акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тиімді және пәрменді алдын алуға бағытталған шараларды нығайту, сондай-ақ ЖОО-да кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамау және айыптау атмосферасын құру болды.