ТЕОРИЯ МЕН ТӘЖІРИБЕ

Білікті де білімді маман даярлауда тек қана теория аздық ететіні баршамызға аян. Сондықтан педагог мамандардың білікті әлі, білімді әдіскер болу үшін өндіріспен тұрақты түрде байланыс жасап отыруымыз шарт. Осы тұста Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының филиалдары орналасқан А.Байтұрсынов атындағы № 48 мектеп-лицейі мен Міржақып Дулатов атындағы № 68 мектеп-гимназияларымен тығыз байланыста жұмыстар атқарып келеді.

Филиал жетекшісі ф.ғ.к., доцент Н.М. Қоқышева түрлі іс-шараларға қатысып, оқушылардың ғылыми жұмыстарына бағыт-бағдар беріп келеді.

Кәсіптік практика жетекшісі п.ғ.к., доцент Н.Х. Шадиева тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге тәлімгер тағайындауды, кафедра филиалдары орналасқан мектеп басшылығымен келісіп, шешеді. Мектептер өз тарапынан студенттерімізге оқу-әдістемелік және мектепте тәрбие жұмысын жүргізудің әдіс-тәсілдері және тәжірибелерімен бөлісіп отырады.

Кафедра басшылығы мектептердің ұжымына алғыс білдіреді.