Терминология мәселелері бойынша семинар

2018 жылдың 19 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Кәсіби аудармашылар мен аудармашылар компанияларының қауымдастығы ұйымдастырған «Терминология – аудармашыларды даярлаудағы негізгі пәні» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға Еуразия гуманитарлық институты шетел тілдері кафедрасының С.А. Долдинова, О.В. Дьяченко, Н.И. Демидкова, Н.В. Никульшина, А.К. Есимова сынды оқытушылары қатысты.

Семинарға факультеттің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.К. Жаркынбекова; Болгар Президентінің жеке аудармашысы, филология ғылымдарының кандидаты, Женева университетінің конференц-аудармасын оқыту әдістемесінің магистрі Б.Наймушин; SDL Trados және T-Сервис жобасының үйлестірушісі Т.Виноградова, Gala Translations компаниясының бас директоры, ҚААКҚ басқармасының мүшесі А.Арапбай және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жалпы тіл білімі мен аударма теориясы кафедрасының аға оқытушысы О.В. Воробьев қатысты.

Спикерлердің баяндамалары үлкен қызығушылық тудырды, семинардың барлық қатысушылары аударма ісін дамытуға ықпал ететін жаңа және пайдалы ақпарат алды.