Терроризм актісі ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде
2020 жылдың 16 қазанында ЮР-20-01 академиялық тобында 6В042- «Заң» оқыту бағыты бойынша «Терроризм актісі ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта 1 курс студенті Салимжуаров Ғани терроризм актісінің алдын алу туралы презентация жасады. Осы іс-шара барысында студенттер қазіргі қоғамдағы терроризм мен діни экстремизм актілерінің қаупі туралы өзіндік пікірлерін білдірді. Мұндай шара жастар арасында рухани-құқықтық тәрбиеге бағытталған.