«Терроризмге және экстремизмге байланысты заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел

2020 жылғы 28 ақпанда Заң пәндері кафедрасында «Терроризмге және экстремизмге байланысты заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ЮР-19-01 тобының студенттері және топ кураторы Ж.Н. Әлмұхамбетов қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының заңнамасындағы терроризм мен экстремизмнің қылмыстық-құқықтық сипаттамалары, сондай-ақ терроризмнің кейбір түрлері талқыланды. Дөңгелек үстелдің таңдалған тақырыбы бүгінгі күнің шындығымен өзектес.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жалпы қорытынды жасалды – терроризм мен экстремизм халықаралық қатынастардың жағдайына теріс әсер ететін қазіргі әлемнің маңызды проблемаларының бірі болып табылады.