Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты онлайн жиналыс
2020 жылдың 30 қарашасында Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты онлайн жиналыс өтті.
Мерекелік іс-шараның бағдарламасы еліміздің Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен және оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметовтың құттықтау сөзімен басталды. Қадыр Әбілжанұлы өз сөзінде Республиканың Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күні Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуының басталуын білдіретінін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы т.ғ.к., доцент Г.Б. Сүлейменова – «ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қызметіндегі Еуразияшылдық идеялары»; «Тарих» мамандығының студенттері: Хауек Ақжайық – «Н.Ә. Назарбаевтың жастарға арналған саясаты»; Омаров Тойлыбек – «Тәуелсіздіктің жеті қыры»; Кабденова Мадина – «Елордамыз Нұр-Сұлтан – жарқын болашақ кепілі».
Іс-шара барысында қызметкерлерді, оқытушылар мен студенттерді тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова және ЖІК төрағасы, магистр Н. Тырнахан құттықтады.