«Тиімді коммуникация дағдылары» тренингі
2022 жылдың 16 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтының психологы А.Н. Қабыл және жатақхана педагог-тәрбиешісі Б.Ш. Кадрина Студенттер үйінде тұратын 1 курс студенттері үшін «Тиімді коммуникация дағдылары» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын және топ қатысушыларының эмпатикалық қабілеттерін дамыту. Бірінші курс студенттері тренингке қатысуға риза болып, психологтан өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.