«Тиімді педагогикалық тәжірибе: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жағдайындағы теориядан практикаға» тақырыбындағы қалалық семинар

2023 жылғы 4 мамырда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №3 «Күншуақ» балабақшасында «Тиімді педагогикалық тәжірибе: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жағдайындағы теориядан практикаға» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға Сарыарқа ауданының 12 балабақшасының меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты. Семинарда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық технологиялары» тақырыбында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының доценті И.А. Тобагабылова баяндама жасады.