Тіл апталығының жабылу салтанаты

Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІ қалалық фестивалінің аясында Еуразия гуманитарлық институты Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл апталығының» жабылу салтанаты үстіміздегі жылдың 25 қыркүйегінде ЕАГИ акт залында өтті. Салтанатты жиында институт проректорлары т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова, институт деканы ф.ғ.к., доцент Қ.А. Мамаділ, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент   Н.М. Қоқышева, кафедра доценттері, п.ғ.к. Р.А. Казина және п.ғ.к.              А.Б. Шормақовалар апталық барысында жоспарланған барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысқан және ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысқан студенттерді мақтау қағаздармен марапаттады. Салтанатты жиында бірінші курс студенттері ән айтып, би билеп, күй шертіп, көрермен көңілінен шыға білді. Тіл апталығының салтанатты жабылуы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Шильманов Ақжолдың «Көк тудың желбірегені» әнін орындауымен аяқталды. Тіл апталығына ат салысып, жоғары белсенділік танытқан барлық студенттер мен оқытушыларға институт атынан алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейміз.