«Тіл мен әдебиеттегі жаңашылдық пен дәстүр» атты І халықаралық симпозиум

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

Cізді Карабюк университеті (Түркия) негізінде Халықаралық Сарай университеті, Халықаралық Балқан университеті, Баку Еуразиялық университеті және Еуразия гуманитарлық институты әріптес университеттермен бірге 2017 жылы 04-06 қазан мерзімі аралығында «Тіл мен әдебиеттегі жаңашылдық пен дәстүр» атты І халықаралық симпозиум  жұмысына қатысуға шақырамыз.

Симпозиумға қатысу үшін төмендегі мерзім ішінде ақпараттарды жіберулеріңізді сұраймыз:

Түйіндеме (Аннотация) жіберу мерзімі: 10 мамыр 2017 – 1 шілде 2017

Қабылданған құжаттар туралы хабарландыру: 5 шілде 2017

Мақалалардың ең соңғы қабылдау күні: 1 қыркүйек 2017

Симпозиум мерзімі: 4-6 қазан 2017

Симпозиумда қамтылатын тақырыптар:

  • Дәстүр және діни әдебиет
  • Дәстүр және қазіргі әдебиет
  • Дәстүр және түркітану
  • Дәстүр және филология
  • Дәстүр және шығыстану
  • Дәстүр және фольклор
  • Мәдени ықпалдастық және аударма теориясы
  • Қоғам, модернизация, тіл және әдебиет
  • Модернизация және Чағдаш түрік диалектілері мен әдебиеттері
  • Модернизация және түркітану
  • Модернизация және филология
  • Модернизация және тіл теориясы
  • Қазіргі әдебиет теориясы
  • Қазіргі және дәстүрлі әдебиет жанры
  • Дәстүрден модернизм/постмодернизмдегі әдеби жанрлар
  • Постмодернизмдегі дәстүрдің қалыптасуы
  • Классикалық әдебиеттің қазіргі әдебиетке ықпалы
  • Дәстүрлі және қазіргі әдебиеттердің салыстырылуы

 Симпозиумның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, ағылшын.

 Баяндамалардың ұзақтығы: пленарлық мәжілісте – 20 мин., секцияларда – 15 мин.

Симпозиумға қатысу үшін 2017 жылдың 01 шілдесіне дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетіне Easy Chair сайты арқылы тезис (мақалаңыздың қысқаша мазмұны) жіберіңіз, тезис жіберу үшін мына сілтемені пайдаланыңыз:

https://easychair.org/cfp/content.cgi?a=14911783

Авторға (симпозиум қатысушысы) оның материалдарының қабылданғандығы туралы хабарлама 2017 жылдың 05 шілдесіне дейін жіберіледі. Тезис қабылданғаннан кейін 01 қыркүйекке дейін мақалаңыздың толы нұсқасын жіберуіңіз керек.  Конференция жұмысына сырттай қатысу қарастырылады.

Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: 87078204656 – Айгуль Талгатовна немесе +90 505 474 15 84 Сема Нойан.

Конференция қатысушысының ұйымдастыру жарнасы:

Қатысу төлемақысы 50$.

Төлемақы аударымы үшін төмендегі ақпарат беріледі.

Бірлік атауы: Конгреске үйлестіру шоты
Банк атауы: КБУ ЗИРААТ БАНКІ
БИК: 5050583107
IBAN есеп нөмірі: TR780001002293526379465067
Есептің аты: Конгреске үйлестіру шоты доллар
Төлемақының мақсаты: Қатысу үшін

Шетелдік төлеммен аударымдар жасау үшін:

Swift Code: TCZBTR2A
Мекен-жайы: KBU ZIRAAT BANKASI SUBESI DEMIRCELIK KAMPUSU MERKEZI DERSLIKLER BINASI MERKEZ KARABUK

İLETİŞİM

КБУ ЗИРААТ БАНКІНІҢ ФИЛИАЛЫ, ДЭМИРЖЕЛИК КАМПУСЫ ОРТАЛЫҒЫ, ДЭРСЛИКЛЭР ҒИМАРАТЫ, КАРАБЮК БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

Сұрақтарыңыз болса, осы электронды мекенжай бойынша хабарласыңыз:  demoge17@karabuk.edu.tr

Ассистент доктор, доцент Сема Ноян – Карабюк университеті

Эл.мекен-жайы: semanoyan@karabuk.edu.tr

Телефон: +90 505 474 15 84

Іссапар шығындары жіберуші тараптан немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі.

ӨТІНІШ БЕРУГЕ ЖӘНЕ БАЯНДАМА МӘТІНІН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 

«Тіл мен әдебиеттегі жаңашылдық пен дәстүр» атты І халықаралық симпозиумға қатысушының

ӨТІНІШІ

(тезиспен бірге жіберіледі)

Тегі  
Аты  
Әкесінің аты  
Ғылыми дәрежесі  
Ғылыми атағы  
Жұмыс орны  
Лауазымы  
Мекенжайы  
Қызмет телефоны  
Ұялы телефоны  
Электронды поштасы  
Конференция жұмысының бағыты (секция)  
Баяндама тақырыбы  
Виза қолдауы қажет / қажет емес

 

Өтінімді және тезисті рәсімдеп, жеке файлмен https://easychair.org/cfp/content.cgi?a=14911783 сайтына салыңыз.

1-) Өтінім ұсыну тілдері: түрік, ағылшын, араб тілдері және басқа түркі тілдерінде

2-) Мақалаларда: сурет, сызба, карта т.б. қосымшаларымен 3-5 журнал бетінен (7,000 сөз) аспауы керек. Мақалада аннотация (100-150 сөз) мен кілтті сөздер (5-7 сөз) түрік және ағылшын тілдерінде рәсімделеді.

3-) Қабылданған өтінімдер электронды өтінім кітабында немесе баяндама беруші тарапынан басылым үшін 150 Түрік лирасы (50 % жеңілдікпен) төленген жағдайда TR-ULAKBİM және халықаралық индекстелген, халықаралық рецензиясы бар ғылыми журнал статусындағы Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды зерттеу (Journal of the Human and Social Science Researchers) (itobiad) журналының DEMOGE17 арнайы санында жарияланады. www.itobiad.com

4-) Симпозиум жинағына ұсынылатын баяндамалар басқа жерде жарияланбаған және материалы қолданылмаған болуы тиіс, сонымен қатар Симпозиум тақырыптарына сай болып, ғылыми стилі сақталып, мазмұны жағынан өзекті болған дұрыс.

5-) Журналға басылатын баяндама мәтіні “Palatino Linotype” кегль мөлшері 10 шрифтімен,  “ең кемінде 12нк” интервалмен, жол жиегі: жоғары, төмен, оң жағынан – 4 см,  сол жағынан – 5 см, тасымалдаусыз, ені бойынша тегістеу түрінде, А4 форматында ресімделуі тиіс.

Сонымен қатар, жіберілетін кесте, сызба, сурет, графика және басқа да кескіндер журналдың беткі сызығынан шықпауы әрі ыңғайлы пайдаланылуы үшін 12×17 сантиметрлік орыннан аспауы керек. Сол себепті кесте, сызба, сурет, графика және тағы басқа элементтер шағын шрифт және 1 аралықпен (интервал) рәсімделеді. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеуде “MLA” немесе “APA” стилі қолданылады.

6-) Баяндама жасауға 15 минут уақыт беріледі. Сұрақтар мен пікір алмасуға 10 минут арнайы уақыт беріледі.

http://www.demoge17.com/kk/