«Тіл – парасат»

Астана қаласының әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасы 2015 жылғы 29 қыркүйек күні № 35 мектеп-лицейінде орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – парасат» IX қалалық байқауын өткізді. Сайысқа Астана қаласындағы білім ордаларынан қазақ тілді орыс ұлтының өкілдері қатысып, өз бақтарын сынады. Байқауға институтымыздың «Аударма ісі» мамандығының ПД-14-01 тобының ІІ курс студенті Ермакова Татьяна қатысты. Аталмыш байқауда білімі мен өнерін көрсете білген Татьяна алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды. Байқауға дайындаған қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі А.Қ. Нұрбанова.

Институт әкімшілігі және студенттер атынан Ермакова Татьянаны құттықтап, мол табыс тілейміз!