«Тіл және мәдениет: Түркі халықтарының лингво-мәдени байланысы» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар

Жақында Еуразия гуманитарлық институтында Түркия Республикасы, Карабюк университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Энвер Капаган «Тіл және мәдениет: Түркі халықтарының лингво-мәдени байланысы» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарға қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 пен 4 курс студенттері, және қазақ және орыс филологиясының оқытушылары қатысты.Семинарда түркі халықтарының тілінің, салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері туралы қызықты ақпараттар да айтылды.