«Тіл және Рәміз – Тәуелсіздік жыршысы»
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ағымдағы жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Тіл және Рәміз – Тәуелсіздік жыршысы» конференциясын ұйымдастырды. Шара барысында сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы бастаған тарихшылар баяндама жасады. Конференция жұмысына Еуразия гуманитарлық институтының ЖІК төрайымы Н.Т. Тырнахан, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ҚТ-20-01, ҚТ-21-01 топтарының 1-2 курс студенттері, топ кураторлары А.Қ. Нұрбанова мен Г.С. Райнбекова қатысты.