ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

2022 жылғы 12 қазанда Мәскеуде, Ресей Халықтар достығы университетінде (РХДУ) ТМД елдері мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарының жетекші мамандарының қатысуымен «Гуманитарлық пәндерді оқытудың тиімді тәжірибелері: авторлық әдістерден цифрлық ресурстарға дейін» тақырыбында халықаралық форум өтті. Форумға сарапшы ретінде Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының профессоры Самат Амангелдіұлы Есқалиев қатысып, «Тарихи жады ұлттық тарихты оқытудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде» атты баяндама жасады.