Токат Газиосманпаша университетіндегі (Түркия) Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара

2021 жылдың 25 қарашасында Токат Газиосманпаша университетінде (Түркия) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары-ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дауренбекова және ф.ғ.м., аға оқытушы А. Т. Сандыбаева аталған іс-шараға белсенді қатысты. Іс-шараны ұйымдастырғаны және қазақ мәдениеті мен дәстүрлері туралы мазмұнды баяндамасы үшін ф.ғ. к., доцент Л.Н. Дауренбекова алғыс хатпен марапатталды.