«Толғауы тоқсан қызыл тіл»
2016 жылғы 29 ақпан күні «Жастар» театрында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты этнографиялық кеш өтті. Этнографиялық кешке институтымыздың қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м., аға оқытушы Е. Жұпархан және ҚТӘ 15-01, ҚТӘ 14-02 тобының студенттері көрермен ретінде қатысып келді. Кеште «Ақжауын» оркестрі, Секен Тұрысбеков, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова сынды өнерпаздарымыз өнер көрсетіп, шешендік өнер, жыр- терме, қара өлең мен күй туралы ой қозғалды.