«Travelling around Great Britain» викторинасы

2022 жылдың 10 наурызында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары п.ғ.м., доцент У.К. Байтурина және п.ғ.м., оқытушы А.А. Гыля №30 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі апталығының аяқталуына орай «Travelling around Great Britain» елтану викторинасын ұйымдастырып өткізді.

Викторинаның мақсаты Ұлыбритания туралы білімді кеңейту, басқа мәдениетке деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыру, ағылшын тілін үйренуге ынталандыру болды. Викторинаға гуманитарлық және математикалық бағыттағы 10 сынып оқушылары қатысты. Викторина қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сертификаттар табысталды.