Цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректор

Темиргалиева Айгуль Сержановна

Экономика ғылымдарының магистрі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің экономика факультетін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторантураны бітірген. Оқытушылық қызметін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде оқытушы ретінде бастады. А.С. Темиргалиева экономикалық мәселелер бойынша 70-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылады.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында қашықтықтан технологиялар орталығының басшысы, цифрлық даму және ақпараттық технологиялар орталығының басшысы, цифрландыру және инновациялар жөніндегі проректор болып жұмыс істейді.

А.С. Темиргалиева цифрлық технологияларды, инновациялық шешімдерді енгізуге және білім беру үдерісін жаңғыртуға байланысты жұмысты үйлестіреді.