Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі әйел ғалымдар: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер
2025 жылғы 21 ақпанда Ұлттық академиялық кітапхананың (Астана қ.) шақыруымен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының кітапхана қызметкерлері мен студенттері «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі әйел ғалымдар: сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Іс-шара барысында филология ғылымдарының докторы, академик, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің профессоры,Қазақстан ғалым-әйелдері қоғамының президенті Т.Т. Аяпова құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми жиналыстың басты назары: цифрландыруды дамыту, білім берудегі жасанды интеллект, оны қолдану: оң және теріс жақтары, ғалым-педагогтар мен IT-мамандардың өзара іс-қимылына тоқталды. Сондай-ақ конференция спикерлері: Б.Ж. Шарипов (ҚР Қ. Сәтбаев атындағы Қазақұлттық зерттеу университеті күміс университетінің жетекшісі, Алматы қ.); Р.Э. Мусагулова (ф.ғ.к., РФ Халықаралық университетінің доценті., Мәскеу қ.); Г.К. Нургалиева (п.ғ.д., профессор, ҚҰЖҒА академигі, ХАА, Қазақстан ПҒА, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, ҚР, Алматы қ.); З.Д. Искакова (э.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ҚР, Астана қ.); Л.Е. Акчулакова (ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы, Астана қ.); Ч.С. Тулеева (п.ғ.д., И. Арапбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, әлемдік тілдер және халықаралық қатынастар институты, Қырғызстан, Бішкек қ.) және басқа да көптеген баяндамашылар ЖИ қолданудың, қазіргі қоғамда және әлемде инклюзияның рөлі менмаңыздылығын, шетел тілді коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуынатап өтті, сондай-ақ корпоративтік басқарудағы даму перспективалары мен тәуекелдерін, әйелдің ғылыми ортадағы рөлін, жазу дағдыларын дамытуда цифрлық құралдарды қолданудың тиімділігін атап өтті.