Құттықтаймыз!

М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалында өткен «Ломоносов – 2023» студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың XVIII Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Жаңа Қазақстанның қалыптасуы жағдайындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің рөлі» секциясының отырысында қазіргі ғылыми білімнің өзекті мәселелеріне арналған баяндамасы үшін (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дауренбекова) I дәрежелі дипломмен марапатталған ҚТ-20-01 (3 курс, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы) академиялық тобының студенті Б. Мұратбекті құттықтаймыз!