Құттықтаймыз!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы 2017 жылдың 13-14 сәуірінде Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 5В010200 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ республикалық пәндік олимпиадасында жалпы командалық ІІ орын алғаны үшін «Болашақтың педагогтері» командасын (ПМНОК-14-01 тобының студенттері: Ахмиева Альмира, Тұрсынбаева Жұлдыз, Төлеген Гүлдана, Ибраим Гүлбану) және жеке сынақта ІІІ орын алғаны үшін Төлеген Гүлдананы құттықтайды.

Команданың жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нығыманова Нұрбану Төкенқызы.

Жеңімпаздарға келешекте де табыс пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!