ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры 2017 жылдың 21-22 қарашасында Қордың студенттік стипендиясын алу үшін конкурс өткізді.

Конкурстық комиссия шешімімен Еуразия гуманитарлық институты ПМНО-15-01 тобының студенті Мулкарат Есинбекова жеңімпаз деп танылды.

Мулкаратты осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтап, келешекте де зор табыстарға жетуіне тілектестік білдіреміз!