Құттықтаймыз!

2015 ж. 22 қыркүйекте Астана қаласындағы «Тілеп» қобыз сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Тарих пен тіл тамырлас» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Аталған шара барысында Астана қаласы әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің атынан елордамыздың рухани-мәдени дамуына зор үлес қосқан бірқатар белгілі тұлғалар, солардың қатарында Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, академик А.Қ. Құсайыновта «Қазақ хандығының 550 жылдығы» медалімен марапатталды.