ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Педагогика және психология» мамандығының 2016 жылғы түлегі Кәмила Ысқақова «Qazaq Logoped» логопедтік жаттығу құрылғысын жасап шығару жобасымен #SapUp 2018 әлеуметтік стартаптар конкурсының жеңімпазы атанды.

Бұл жоба заманауи компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке табысты даярлау үшін түзету процесінің ұтымды құралдарын ізденуге бағытталған.

Кәмилаға шабыт тілейміз және Қазақстандағы балалар мен олардың ата-аналарының игілігі үшін жаңа жобаларды жүзеге асыруына тілектеспіз!