Құттықтаймыз!

Еуразия гуманитарлық институты шетел тілдері кафедрасының  п.ғ.м., аға оқытушысы Қосжанова Ақмарал Сағатбекқызы бастаған бір топ  ИЯК-17-01/02 және ИЯК-16-01/02 студенттері 20 ақпанда режиссер Талғат Теменовтың «Ақ жауын» мұңлы комедиясын тамашалады. Жас ұрпаққа театр өнерін насихаттап, еліміздің мәдениетін дамытуға қосып жүрген айтулы үлесі үшін Қосжанова Ақмарал Сағатбекқызы Қ.Қуанаышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Маемировтан алғыс хат табысталды. Театрдың ең таңдаулы көрермені ретінде ұжым атынан жақсы тілектер айтылды.