Құттықтаймыз!

2020 ж. 28 ақпанда М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ-де жыл сайынғы «WeareSmart» олимпиадасын өтті, оған г.ғ.м., аға оқытушы Н.И. Демидкованың жетекшілігімен шетел тілдер кафедрасының бірінші және екінші курс студенттері қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

  1. Өз ЖОО-ңды таныстыру.
  2. Ағылшын тілді елдердің елтанымды білімі туралы викторина.
  3. Сыни тұрғыдан ойлауды қолдана отырып, берілген тақырып бойынша жоба таныстыру.

Еуразия гуманитарлық институтының студенттері өздерінің білімі мен зияткерлік қабілеттерін өте жақсы көрсетті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша EAГИ студенттері командасы 1- орынға ие болды. Іс-шараны ұйымдастырушылар студенттерге сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.