Құттықтаймыз!

2020 жылдың 4 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен ЖОО студенттері мен магистранттарының «Үздік инновациялық start-up жоба» халықаралық байқауында құрамында А. Сейдіхан, Н. Қайырбек, А. Көпжасар сынды студенттер бар «Қаржы» мамандығының ЕАГИ командасы (топ жетекшісі – аға оқытушы, магистр Ж.Д. Дәулетханова) ІІ орынға ие болды. Ғылыми істерде жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!