Құттықтаймыз!

Еуразия гуманитарлық институтының ректораты, профессор-оқытушылар ұжымы қазақ жəне орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызын «2020 жылғы ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын алуымен құттықтайды! Алдағы ғылыми – педагогикалық қызметіңізде биік табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз.

Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!