Құттықтаймыз!
2021 жылдың 9 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтының «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенті Малютина Марина Александровна «Үздік ғылыми-инновациялық жұмыс 2021» II Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына қатысты (Петрозаводск қ., Ресей).
Байқау қорытындысы бойынша М.А. Малютина «Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту жағдайындағы қаржылық инновациялар» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін «Экономикалық ғылымдар» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломға ие болды. Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының магистрі, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ж.Д. Даулетханова.