Құттықтаймыз!

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

1 желтоқсан – тәуелсіз және демократиялық Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды күн – ҚР Тұңғыш Президенті күні.

Қазақстанның әрбір азаматы үшін Тұңғыш Президент күні ерекше орын алады. Дәл осы күні, 1991 жылғы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ел тарихындағы алғашқы бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайланды. Тұңғыш Президенттің арқасында Қазақстан 30 жыл бойы өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында әлемдік беталыстармен қатар қадам басып келеді.

Тұңғыш Президент күні – Ұлт Көшбасшысының Қазақстан халқымен, соның ішінде жастармен бірлігін білдіретін мереке! Тұңғыш Президент айтқандай, қоғамның қозғаушы күші, Ұлттың үміті болып табылатын жас ұрпаққа бағдар беру, бағыттау, қажет етілген білім беру үшін біз институт қабырғасында барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз!

Сіздерді осы айтулы мерекемен құттықтаймыз!

Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!

Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы әрдайым дамып, гүлдене берсін.

Ректорат