Құттықтаймыз!

Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Әбілжанұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медалімен марапатталды.

Көрнекті ғалым, іскер басшы, білікті ұйымдастырушы Қадыр Әбілжанұлының қажырлы еңбегіне табыс, отбасына береке тілейміз!