Құттықтаймыз!

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысының жарлығымен Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, академик, тарих ғылымдарының докторы Амангелді Құсайынұлы «Парасат» орденінің иегері атанды. Бұл – Тәуелсіз еліміздің жоғары білім беру саласын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан еңбегіңіздің жемісі деп білеміз. Осынау айтулы мереке қарсаңында деніңізге саулық, шаңырағыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!