ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Еуразия гуманитарлық институтының ұжымы шетел тілдері кафедрасының студенттерін «Шетел тілдері» мамандықтар тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындармен:

– ІІ орын алған Айгерім Мырзахметті (5В011900 – «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті, ИЯК-18-01 академиялық тобы) және ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Салтанат Есенгалиевна Давлетованы;

– ІІІ орын алған Данияр Сарсекеевті (6В02307 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті, ПД-19-01 академиялық тобы) ғылыми жетекшісі аға оқытушы Наталья Витальевна Никульшинаны құттықтайды.

Олимпиада 2022 жылдың 21-22 сәуір аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында өткізілді.

Жаңа жеңістер мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!